Мүфтият қайырымдылыққа жиналған қаражатқа студенттерге арналған жатақхана салмақ
Мүфтият үкімет шешпеген студенттердің жатақхана мәселесін өз мойнына алуды ұйғарды.
Қайырымдылыққа жиналған қаражатқа жатақхана салынады. Бас мүфтидің бұл бастамасы биылғы бағдарламалық жобаның негізгі өзегіне айналмақ, деп хабарлайды 31 арна.
Бүкіл дін өкілдерінің жиналысы министрлер бас қосатын үкімет отырысынан кем емес. Бас мүфти басқа қалалардан келген студенттерді баспанамен қамтамасыз еткісі келеді. Мешіттердің бюджеті болмаса да, садақа жәшігінен құрылысты бастауға тырысады.
– Мүфтияттың қайырымдылық жобасы аясында республикалық маңызы бар үш қалада резидент емес студенттерге жатақхана салу ниеті бар, – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бұл жоспардың жүзеге асуы халықтың жомарттығына байланысты. Қайырымдылық қорындағы қаражат көлеміне қарай салынып жатқан жатақханалардың саны айқындалады.