Мүфтият ЛГБТ өкілдеріне қатысты пәтуа шығарды

0

Қазақстан мұсылман діни басқармасы ЛГБТ қатысты үндеу жасап, ресми пәтуа шығарды.

«Әлемде демократиялық моральдық принципін жамылған идеяологиялар белең алуда. Біз ешқашан өзгенің таным-түсінігімен өмір сүре алмаймыз. Сондықтан батыс елдерінен келген ЛГБТ және оған қатысты барлық жат түсініктер біздің асыл дінімізге де, ата салтымызға да қайшы деп білеміз», – делінген ҚМДБ жазбасында.

Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын):

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелге ұқсағысы келген еркектерге және еркектерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты деген.

«Ендеше мұндай арсыздықтың алдын алуға және одан сақтануға шақырамыз», – дейді басқарма.

фото: dag.aif.ru