Моторлы қайық әйелдің басын жұлып кеткен: Сот 17 жастағы депутаттың ұлына үкім шығарды

0
1264

Батыс Қазақстан облысының ювеналды соты абайсызда кісі өлтірді деп айыпталған 17 жастағы Артем Крыловқа қатысты үкім шығарды.

Судья Жанар Ешпанованың төрағалығымен өткен сот Артём Крыловты абайсызда адам өліміне әкеп соққанәрекеті үшін кінәлі деп танып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сот отырысы жеңілдетілген тәртіпте өтті, өйткені айыпталушы кінәні мойындады. Артем Крылов 5 тамыздан 22 қыркүйекке дейін қамауда болды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және оған шағым түсіруге болады.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2020 жылдың 6 маусымында кешке Шаған өзенінің жағасында болды. Өзенде шомылып жүрген Екатерина Ананьеваны жоғары жылдамдықпен келген катер соғып кеткен.

5 тамызда қылмыс жасады деген күдікті – 17 жасар Артем Крылов қамауға алынды. Депутаттың отбасына тиесілі қайықтың қозғалтқышынан марқұм әйелдің шашы мен қаны табылды. Сот күдіктіні қамауға алуға санкция берді. Іс үлкен қоғамдық резонанс тудырды.

Бұған дейін Артем Крылов облыстық мәслихат депутаты және өңірге танымал кәсіпкер Валерий Крыловтың ұлы екені хабарланған.

 

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз