Мотоциклші биік жартастан құлап кетті – видео

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Дәрігерлердің айтуынша, спортшы білегін, жағын және тізесін сындырған

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Ұлыбританиялық мотоциклші Эдриан Оуэн биік жартастан құлап, аман қалды.

Спортшы қорқынышты сәтті видеоға жазып үлгерген. Кейін оны Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жүктепті.

Видеодан Эдриан Оуэн мотоцикл тізгініне ие бола алмай, биік жартастан құлағанын көруге болады.

«Жолым болып, аман қалдым. Құтқарушыларға, санитарлық авиация командасына, медициналық персоналға және маған көмектескен барлық азаматқа алғысымды білдіремін», — деді ол Daily Mail басылымына берген сұқбатында.

15 метрлік жартастан құлаған спортшыны құтқарушылар тікұшақпен ауруханаға жеткізіпті. Ол білегін, жағын және тізесін сындырған. Сондай-ақ дәрігерлер Эдриан Оуэн омыртқа жотасын сындырған болуы мүмкін екенін айтады.



sputniknews.kz