«Моншаға шақырамын»: Абай Бегей өзі әнін алған қырғыздармен қалай келісетінін айтты — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Серікбол Сайлаубектің орындауындағы «Ой, жеңгем» әнін кезінде Абай Бегей де орындаған. «Сен ғана» деген атаумен. Алайда шын мәнінде ән екеуіне де тиесілі емес, қырғыздардікі. Абай Бегей осыдан 5-6 жыл бұрын ешқандай рұқсат алмастан, әнді репертуарына қосқанын мойындап отыр. Алайда ол өзінен де ән ұрлап жүрген шетелдіктердің жетіп артылатынын айтады.
Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Шыны керек, ұрлап алдық. Ол кезде білмейміз. Білгеннен кейін де, авторлық құқықтың жұмыс жасап, біреуді соттап жатқанын көрмедім. Өзімнің «Аспанға қараймын» әнін де африкалықтар да айтты. Әлі күнге дейін тойда айтып жүр.
«Сен ғананы» ән кештерінде орындап жүрдім, бірақ бейнебаян түсірген жоқпын. Бұл енді қырғыздың әні, бірақ мәтіні басқа. Қырғыз өзіміздің ағайындар ғой, анау-мынау болса моншаға шақырып жіберуге болады», — деп елді күлдірді Абай Бегей.
Әнші өзінің ұрлық жасағанын жасырмайды. Алайда өзіне тиесілі әнді де талай шетелдік азаматтың айтып жүргенін алға тартады.
«Аспанға қараймын» әнінің авторы — қызылордалық Дәуір Сағындықов. Оны Африкадан келген топ айтып жүр. Авторлық құқыққа хабарластым, Мәулен кездесті. Құжаттарды дайындадық. — Енді олар айта алмайды. Енді бір рет айтса, айыппұл салады. Екінші рет айтса, тағы айыппұл салынады. Үшінші рет айтқан жағдайда, еліне қайтарылады деді. Бірақ оған ештеңе де істей алған жоқпыз», — дейді Абай Бегей.
Әншінің сөзіне қарағанда, авторлық құқық қоғамы отандық өнерпаздарды қорғау үшін де ешқандай жұмыс атқармайды.
«Біз тойдан ақша таппай қайтеміз? Авторлық құқық бізге төлемейді. Кім, осы жерде ақша алып отырған адам бар ма? Көп болса, Нұрлан (ред. Еспанов) 20-30 мың теңге алатын шығар. Басында алғам. Шынын айтайын, 25 мың теңгеден үш рет па алдым.
Біз ғана ұрлықшы емес, бізден де ұрлап жатқандар бар. Біз неге айтпаймыз онда?» — дейді Абай Бегей.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz