Монополистерді және қоғамдық маңызы бар нарықтарды тексеру жүйесі қайта қаралады
Мемлекет басшысының 2018 жылғы 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Министрлік бірқатар шаралар қабылдады.
Қысқа мерзімді шаралар шеңберінде, біріншіден, ҚР Бас Прокуратурасының ұсынымын орындау аясында монополистердің электр энергиясын беру және жабдықтау саласындағы қызметтерге арналған тарифтерді төмендету бойынша жұмыс жүргізілді.
Осылайша, бүгінде тарифтер төмендетілді:
10 монополист бойынша жылумен жабдықтау қызметтеріне 4,4 млрд теңге сомаға (Астана және Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары);
14 монополист бойынша электр энергиясын тарату және жабдықтау қызметтеріне 12,1 млрд теңге сомаға (Астана, Алматы және Шымкент қалалары, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары).
Екіншіден, халықпен кері байланысты ұйымдастыру үшін барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалаларда 2018 жылғы 12 қарашада бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы түйіткілді мәселелер бойынша халықты қоғамдық қабылдаулар ашылды.
Т. Сүлейменов тек қана бір күнде қатысушылар саны 617 адамды құрағанын атап өтті. Осындай қоғамдық қабылдаулар апта сайынғы негізде өткізілетін болады.
Үшіншіден, өткізілген қоғамдық қабылдаулар қорытындылары бойынша 2018 жылғы 16 қарашаға дейін келіп түскен шағымдардың негізінде сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау және электр энергиясы мен газды беру, жабдықтау қызметтерін көрсететін базалық монополистер қызметіне жоспардан тыс тексерістер жүргізу ұйымдастырылатын болады.
Сонымен қатар, ұлттық экономика министрі орта мерзімді шараларға қатысты сөз қозғады. Мәселен, тарифтерді белгілеу және монополистердің тарифтік сметалар мен инвестициялық міндеттемелерді орындауды бақылау ашықтығын күшейту үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілуде.
Бірінші. Қазір ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауындағы «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы тарифтік сметаларды және инвестициялық бағдарламаларды іске асыру бойынша монополистердің есептерін қарау барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді тартуды көздейді. Министр тұтынушылардың мүдделері үшін белгілі бір біліктілік талаптарғына негізделген әлеуметтік тапсырыс есебінен мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды ұсынды.
Бұдан басқа, заң жобасында монополистердің тарифтерді бекіту және материалдарға толық қолжетімділікті қамтамасыз ету және барлық тұтынушылар үшін тарифтерді есептеу үшін өтініштерін қараудың электрондық форматына көшіру қарастырылған.
«Е-монополист ақпараттық жүйесі осы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді. Бұл деректер базасы арқылы тұтынушылар енгізген ұсыныстар жүйелендіріліп, әрі қарай қоғамдық тыңдауларда талқыланады», — деді Т. Сүлейменов.
Екінші. ҚР ҰЭМ ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта «Табиғи монополиялар туралы» Заң жобасына Парламент Мәжілісі депутаттарының түзетулеріне арналған Заң жобасы қаралып жатыр. Ол төмендегіні қамтиды:
Монополистердің инвестициялық бағдарламаларды орындау іс-шараларының сыртқы техникалық сараптамасын енгізу.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілеріне тікелей барумен, БАҚ, «Атамекен» палатасының өкілдерінің, қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен инвестициялық бағдарламаларды орындаудың қоғамдық мониторинг институтын енгізу.
Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы тұтынушылардың алдындағы жария есептерін өткізуді жыл сайынғы мерзімнен жарты жыл сайын өткізіп тұру.
«Монополистердің қаражатты мақсатты пайдалануын толыққанды мемлекеттік бақылау мақсатында Министрлік заңнамаға табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілеріне тексеріс жүргізу жүйесін қайта қарауды және қатаңдатуды көздейтін жаңа түзетулерді әзірледі», — деді Т. Сүлейменов.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі заңнамаға ұсынып отырған түзетулер:
Монополистер қызметін мемлекеттік бақылауды Кәсіпкерлік кодексте көзделген тексерістер жүргізуді ұйымдастырудың жалпы тәртібінен шығару. Бұл монополистерді тексеруді неғұрлым олардың санын кең қамтумен жүйелі негізде өткізуге мүмкіндік береді.
Тарифтік реттеушіге мемлекеттік органдардың деректер қорына қолжетімділік ұсыну. Бұл тарифтік сметалар және инвестициялық бағдарламалар іс-шараларының орындалуы туралы есептерді қаржылай құралдарды, салықтық түсімдерді және өнімді өткізу көлемдерімен жалған, заңсыз сызбаларды анықтау үшін салыстыру қажет.
Тарифтік реттеушіге монополист азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшінші тұлғаларға қатысты кезікпе тексеріс жүргізу құқығын ұсыну.
Құқық қорғаушы органдардың тарифтік реттеушінің сұрауы бойынша монополистер қызметін тексерулерге қатысу мүмкіндіктерін белгілеу.
Осы түзетулер құпталған жағдайда «Табиғи монополиялар туралы» және «Бизнес ортаны және сауда қызметін реттеуді дамыту туралы» заң жобаларында көрініс табатын болады. Екі заң жобасы да Мәжілістің қарауында.