Моңғолияның Білім министрі қазақ отбасына сорпа жасап көрсетті

0

Моңғолияның Білім, ғылым министрі Л.Энх-Амгалан шілденің соңғы аптасында Баян-Өлгий аймағында демалып қайтқан болатын. Бұл туралы Kaznews.mn сайты жазды.

Демалысы аясында Алтай Таван богд өлкесін мекен ететін Д.Байболсынның үйінде қонақта болған.

Тағам жасауға деген хоббиі бар министр өзбектің ұлттық тағамы шурпа (сорпа) жасап, Д.Байболсынның әйелі М.Жантолқын домбырамен қазақтың әсем әнін орындап берді.