Моңғолиядан 13 отбасы Қазақстанға көшіп келді

0

Әр отбасыға үй жалдап тұруға мемлекет тарапынан ақшалай көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Павлодар облысына Моңғолиядан 13 отбасы, барлығы 80 адам көшіп келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен Отандастар қорының пилоттық жобасы аясында Моңғолияның Қобда, Баян-Өлгей аймақтарынан 13 көпбалалы отбасы, яғни 80 адам Павлодар облысына көшірілді», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, қоныс аударғандар арасында 13 баланы өмірге әкелген ардақты ана да бар. Ол кенже ұлы мен келінінің алты баласымен бірге атамекенге оралған.

Тағы оқыңыз: Лондон қазағы шетелдегі қандастарымыз туралы ащы шындықты айтты

Бұдан бөлек, мектеп жасындағы 46 бала, 4 студент, 1 зейнеткер, еңбек жасындағы 29 азамат көшіп келді. Олардың ішінде ағылшын тілі, бастауыш сынып мұғалімдері, техника мамандары, механизатор, мал дәрігері, медицина саласының маманы, басқа да арнайы оқу орталықтарын бітірген тәжірбиелі мамандық иелері бар.


©
Photo : Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

Әр отбасыға үй жалдап тұруға мемлекет тарапынан ақшалай көмек көрсетіледі

13 отбасы да биылғы жылғы оралмандардың өңірлік квотасына енген.

«Соған сәйкес, мемлекет тарапынан әр адамға 88 375 теңгеден бір жыл бойы үй жалдап тұруға ақша бөлінеді. Балалар оқу орындарына, еңбек жасындағылар жұмысқа орналастырылады», — деп хабарлады қауымдастық.  



sputniknews.kz