Моңғолиядағы қазақтар Тоқаевқа хат жолдады

0
14

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақ диаспорасы Еуразиялық ұлттық университеттен білім алып жүрген моңғолиялық студенттерге қамқорлық көрсетілгені үшін алғыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Моңғолиядағы қазақтар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады.

Хатта қандастарымыз Қазақстанға білім алу үшін келген қаракөздерге қамқорлық көрсетіп, барлық жағдай жасап отырған мемлекетке ризашылығын білдірген.

«Сізге қиырдағы Моңғолия мемлекетінде мекен еткен қазақ қандастарыңыздың атынан дұғай сәлем! Қызметіңізге сәттілік пен табыс тілейміз. Қазақстанның абыройы арта берсін! Әлемді жайлаған мына індет тезірек кетіп, ақжарылқап уақыт басталсын деп сұраймыз», – деп басталады хат.

Студенттердің ата-анасы пандемияға байланысты шекараның жабылғанына байланысты қобалжығанын жеткізген. Қазақстанда қалып қойған балалары үшін алаңдағанын айтты.

«Алайда, мұнымыз бекер болып шықты. Ең біріншіден, президентке, екіншіден, білім және ғылым министрлігі мен Еуразия ұлттық университетінің көмегімен Қазақстанға білім іздеп барған даярлық бөліміндегі ұл-қыздарымыздың тамағы тоқ, көйлегі көк. Олар да ел азаматтарымен бірдей карантин талабын сақтап, ақпараттық технология жүйесімен сабақ оқып жүр. Мұны телефон арқылы күнде біліп отырмыз. Көңіліміз орнына түсті», – деп жазады ата-аналар.

Хаттың соңында он үш ата-ана қол қойған. Хаттың мәтінін өзінің Facebook-тегі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли бөлісті.



sputniknews.kz