Моңғолия сыртқы істер министрінің сапары кейінге қалды

0

Моңғолия сыртқы істер министрі Дамдин Цогтбаатар Қазақстанға жоспарлаған ресми сапарын кейінге қалдырды. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлады.

Бұған дейін министрліктің баспасөз хатшысы Моңғолия сыртқы істер министрі Қазақстанға 24-25 қаңтарда ресми сапармен келетінін хабарлаған. Моңғолия министрі сапары барысында Қазақстан билігі өкілдерімен кездесіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты талқылайды деп жоспарланған. Кездесуде тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытуды талқылайды делінген.

Дереккөз: Азаттық