«Молшылықта ғұмыр кеше берейік!». Мұхамеджан Тазабек Тоқаевты мадақтады

0

Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Instagram-дағы парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тағы да мадақ жаудырды.

«Әлемдік деңгейдегі ауқымды идеялардан бастап, қарапайым ауылдың сұрағына дейін толық түсінетін жан-жақты, сан қырлы тұлға президентіміз болып сайланды. Қасиетті Меккеде «Елім аман болсын» деп тілеген дұғасы қабыл болып, аман елдің ауыр жүгін әділдікпен, адалдықпен алып жүруіне Алла Тағала жәрдем етсін!» — деп бастады ол сөзін.

Ақынның айтуынша, соғыс пен зұлмат, пандемия мен кризистердің заманында біз де ынтымақпен еріп, аманат арқалаған еріміздің қолын ұзартып, жолын кеңейтуге тиіспіз.

«Күшті әлсізді басынып, көп азды тықсырып, қара ниеттілер қарқындап, ақ пейілділер аһ ұрып тұрған заманда, қазақтың көк туы қияметке дейін тозбай желбіреп, кеңшілік пен молшылықта қайғы-қасыретсіз ғұмыр кеше берейік!», — деді Мұхамеджан Тазабек одан әрі.