Мөлдір меценаттыққа мойын бұрды (Видео)

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова Харекет қайырылымдық қорымен бірігіп, қордың 498-ші пәтерінің кілтін иесіне табыстады. Бұл жолы пәтер 8 баламен Есік қаласында, киіз үйде тұрып жатқан апалы-сіңілі Шынар мен Ботаға бұйырды. Тағдырдың тауқыметін тартып келе жатқан отбасы 20-дан аса жалдамалы пәтер ауыстырған екен. Денсаулықтары да нашар екен.
Естеріңізге сала кетейік, танымал актер Мадияр Серікбаев бастаған қор жақында 500-ші пәтерді жағдайы төмен отбасыларға тарту етпек. Қорға кез-келген жан ақша жіберіп, көмек бере алады.