Мөлдір Әуелбекова қыздарын сататын болды

0
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова төрт қыздан құралған «Назар» тобын сатады.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.

Әншінің жобамен айналысуға мүлдем уақыты жоқ екен. Мөлдір өзі продюсерлік ететін «Назар» тобын осыдан бес жыл бұрын құрған. Топта төрт бірдей өнерлі қыз бар. Олардың есімдері Әнел, Еркежан, Салтанат және Аяжан. Қазір топтың ән қоржынында оннан астам ән бар.

«Назар» тобын сатамын. Себебі, жобамен айналысатын уақытым жоқ», — деді әнші.

instagram.com/moldir.auyelbekova