Мөлдір Әуелбекова өз кешінде үш миллионның көйлегін кигенін жайып салды — новости Казахстана

0

Сахнада жүргеніне 15 жыл толғанда алғаш рет жеке кешін өткізген Мөлдір Әуелбекова үш миллионға үш көйлек тіктіргенін мәлім етті. Әнші толғаныспен дайындалған жеке концертіне «Қазақ концерт» мемлекеттік концерт ұйымының қолдау көрсеткенін жасырмай айтып берді деп жазады «31» арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Менің қолдаушым — өзімнің мекемем. «Қазақ концерт» мемлекеттік концерт ұйымы мені қызметкері ретінде концертімді қолдап жатыр.

Қалтамнан ешқандай ақша шығармадым деп айта алмаймын. Менің үш көйлегімнің өзі үш млн теңге тұрады. Енді киімдерді мемлекеттік ұйымның мойнына ілмейсің ғой», — деген әнші көйлектерінің неліктен мұнша қымбат екенін жасырмады.

«Енді барлығы майда-майда тастармен, қолдан тігілген көйлектер. Барлық киімдердің тігу құрылысы қиындау. Қыздарға да арнайы көйлек тіктіріп жатырмын», — деп ағынан жарылды Мөлдір Әуелбекова.

Айта кетейік, 15 жылда алғаш рет концерт берген әншінің өз кешінде гүл шоғын сыйлаған әкесін көріп, көз жасына ерік бергені туралы жазған болатынбыз.