Мөлдір Әуелбекова: Намазға келгеніме Аллаға шүкір 6 жыл болды. Себепкер — асқар тауым әкем

0

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова намазға қалай келгенін айтып берді. Осы уақытқа дейін оның жабық киім кие бастауына қатысты көп сын айтылған еді.

“Менің намазым! Намазға қалай келдіңіз деп сұраушылар өте көп болып кетті. Көбіне намазға орамалды болғалы келді деп ойлайды екен. Жоқ, олай емес. Намазға келгеніме Аллаға шүкір 6-шы жыл кетті. Себепкер өзімнің асқар тауым — әкем Есіркеп қажы. Иә, әкем де, шешем де қажы. Әлхамдулиллях! Біз Әуелбековтер үй ішімен намаздамыз: әке-шешем, әпкем, әпкемнің екі үлкен 13/15 жасар балалары, інім-келінім және мен. Намаз оқуым жайлы тек өзімнің ортам білетін.

Тыныш қана намазымды оқып, әнімді шырқап, тек етегі ұзын киіп жүре бергеніммен, орамал тағу ойымда арманым болып жүрді. Өйткені, намаз оқып, діни білімім артқан сайын, Алланың әмірлерінен көбірек хабардар болып, шаш пен мойын әурет екенін біліп жүрдім. Бірақ, жаулыққа келуім ұзағырақ болды. 5 жыл ниеттендім. Ниетім араға 5 жыл салып қабыл болды. Қазір Аллаға шүкір намазым да, орамалым да түгел. Көңілім тыныш!”  — деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Желі қолданушылары оған осы сөздерінен кейін қолдау білдіруге кірісті. Себебі, бұған дейін көпшілік оны намазхан ер азаматқа тұрмысқа шыққан соң оқып жүр деп ойлаған-ды.

«Жайнамаз аса биік емес, бірақ оған шыға алмай жүргендер көп. Неге? Өйткені Аллах Иманды тек сүйген құлына береді. Бәрімізде бірден орамал тағып кеткен жоқпыз. Оны шешпейтіндей жағдайға жеткенде тағып бастадық.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от MOLDIR AUYELBEKOVA (@moldir.auyelbekova)

Бірден таға салып шешіп тастағандар каншама. Алланың мейірімінен құр қалу қиын. Соны неге қазақ қыздары түсінбейді екен. Өздері тақпасада таққан қызбен алыспаса екен. Болашақ иманды ұрпақ берсін баршамызға Аллам» деп жазды желідегілердің бірі.