Мөлдір Әуелбекова бұрынғы продюсерлерімен татуласқанын айтты
Мөлдір Әуелбекова бұрынғы продюсерлерімен татуласқанын айтты
Менің өнердегі он бес жылымның жартысы Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұхитденованың мектебінде өтті. Ол кісілер менің дауысымды қойып, образымды қалыптастырған адамдар. Ол кісілер менің 1 желтоқсанда өтетін концертіме қолдап келсе менен бақытты шәкірт жоқ шығар. Бүгін Баян ханыммен кездестім. Шай ішіп, шүйіркелесіп, әңгімелесіп қайттық. Енді Бағым ханымға барамын. Арада қаншама жылдар өтті. Баян ханымның басынан да бірталай жағдайлар өтті. Уақыт өтті, өзгердік.Мен ол кісілерді қалай шақырмаймын? Шақыруға міндеттімін. Мен бақытты шәкіртпін. Қандай жағдай болмасын, араға қанша адам іріткі салса да мен ол кісілердің шәкіртімін. Сол себепті де менің ол кісілердің алдына баруым жаңалық емес. Осы жолы арнайы барып, шақыру билетін беріп келдім. Сондай уақыт келді ғой. Өкпе-реніш деген уақытша дүние ғой. Менің жасым кіші, жолым кіші. Тәкаппарланудың қажеті жоқ.
Дереккөз: Reactor