Мөлдір Әуелбекова: Балаларыма ең жақсы әке, маған ең қамқор жар нәсіп етті

0

Мөлдір Әуелбекова 35 жаста! Әнші төл мерекесінде бар нығметті үйіп-төккен Жаратқанға алғыс білдірді.

«Қош келдің жаңа жасым! Альхамдулиллах!

Саған сансыз шүкір етемін Аллахым! Жүрегіме иман беріп, сәждеге маңдайымды тигізіп, жаулығымды тәжі еттің!

Ата-анамды армансыз қажы еттің! Балаларыма ең жақсы әке нәсіп етіп, маған ең қамқор Қуанышымды өмірлік серік еттің.

Көз қуанышым — ұл мен қыз бердің! Төрт құбыламды түгелдейтін бауырларым — әпке мен іні бердің! Ортамды толтырар ағайын — туыс, жол сілтейтін ұстаздар мен қуанышыма ортақтасар құрбы, құрдас, қолдаушы әріптес бердің.

Мені алақанына салып еркелетіп жүрген жандары жайсаң халқымды сый еттің. Тәуелсіз елім бар, кең байтақ жерім бар! Нығметің мен ризығыңа сансыз шүкір! Лә хәулә уә лә қууата иллә билләх! Ма ша Алла!» — деп жазба қалдырды ол.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова 1986 жылдың 10 тамызында Тараз қаласында дүниеге келген. Бүгінде бір ұл, бір қыздың анасы.