Мөлдір Әуелбекова: Араға 5 жыл салып, баламның әкесі пайда болды

0
540

Мөлдір Әуелбекова отбасында орын алған қос қуанышымен бөлісті. Әншінің тұңғыш ұлы Салтай мектеп табалдырығын аттады. Одан бөлек, баланың әкесі 5 жылдан кейін байланысқа шыққан, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

Әуелбекова ұлының 1-сыныпқа барғанын айтып, өткен күндерін еске алды.

«Мектеп табалдырығын аттаған қадамың құтты болсын, балам!
Осы орайда айта кетейін, баламды салған сайын әкесін сөгіп жататындар аз емес. Иә, ол бізден бас тартты. 5 айлық баламен біраз қиындық көріп, көз жасым көл-көсір болғаны рас. Уақыт емші демекші, қазір бәрі Алланың қалауымен орнығып, ол сынақтан сынбай өткеніме сіздер куәсіздер. Бәрін бір Аллаға тапсырдым», –  дейді әнші.

Мөлдірдің айтуынша, Салтайдың әкесі ұзақ уақыттық үзілістен соң, байланысқа шыққан.

«Енді, баламның әкесі араға 5 жыл салып, тұрақты түрде пайда болды. Көрісіп, араласып жатыр деп айта алмаймын, десе де, ақшалай баламның бүкіл шығынын мойнына алуда. Осыған да шүкір дейміз. Әжептәуір білінеді екен қалтаға. Алла қаласа, уақыт тауып, жиі көрісуге де белін буар. Соңғы жаңалығымыз осы», – деді Әуелбекова.