Молдалар мешітке келіңдер дегенше, Абайды оқысын: Молдаларға тиісе сөйлеген Асанәлі Әшімовке белгілі теолог жауап берді
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 95-маусымының ашылу рәсімінде белгілі актер Асанәлі Әшімов молдаларға қарата сын айтқан болатын.
А. Әшімовтың сынына белгілі дінданушы ғалым Мұхиддин Иса жауап берді.
«Асанәлі мырза! Молда елді мешітке шақырса, Аллаға шақырса несі айып?
Осы дүниеде бәріміз Алланың қонағы болып, жер дастарханынан нанын ұялмай жеп, суын ұрттап отырған жоқпыз ба?! Алла Тағалам деу бірдеңе емес Алла Тағала жаратылыстың Жаратушысы. Хакім Абайдың бар айтпағы Алла Тағала еді.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез дегенді бүгіннің молдалары емес Абай айтқан. Кім діннен безсе ол Абайдан да безеді мың жылдық ата бабасынан да безеді.
Әулие бабаларының әруағын аттайды. Абайдың бар айтпағы ұстазының үйреткені еді. Ұстазы әкесі Құнанбай қажы еді.
Ал ол Мадинада мешіт Меккеде қонақ үй салып тек қазақ емес күллі мұсылман жұртшылығын мешіт Қағбаға шақырған шоң молда болған ед. Ахмет Байтұрсын да Мұхтарға Абай жолын жаздырмақта жоспарын өзі айтты дейді. Мұхтао ата неге Абайды жазам дегенде Ахмет ата Өйткені Абайда дін бар, дінді осылай сақтаймыз деген деседі Ал бүгінгі молдалар Абайдың сөзін кең айтпаса кем айтып жүрген жоқ» деді дінтанушы.