Мойынқұмда атыс: оқиғадан бір адам қаза тапты

0

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кісі өлтіру оқиғасы болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мойынқұм аулындағы азық-түлік дүкенінің маңында екі жас жігіт жанжалдасқан. Салдарынан біреуі қайтыс болды. Ауыр қылмыс жасауға не итермелегенін қазір тергеу анықтап жатыр», – деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.

Сол маңдағы үйдің тұрғындары атысты естіп, полицияға хабар берген.

«Жедел-тергеу тобының мамандары оқиға орнына келгенде ер адамның денесі жатыр екен. Ол Қылышбай аулының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды», – деді ведомстводағылар.

Тергеу кезінде полиция қызметкерлері Мойынқұм аулының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады және одан 20-шы калибрлі қару тәркіленді.

Қазір жанжалдың себебі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз