Мохаммед Мохбер ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

0

Астана әуежайында Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммед Мохберді Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды.
Ол Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. Өткен жылы Нью-Делидегі саммит барысында Иранның ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде ұйымға кіруі түпкілікті рәсімделді.
Иран мемлекетаралық бірлестіктің тоғызыншы мүшесі болды.