ММА файтері қарсыласын 8 секундта нокаутқа түсірді
Франциялық спортшы орнынан әрең тұрып, жекпе-жекті жалғастырмақшы болып еді, оған төреші рұқсат бермеді.
Македониялық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Ален Амедовски Bellator 221 турнирінде француз Ибрагим Манені 8 секундта нокаутқа түсірді. Жекпе-жектің видеосы Facebook-те жарияланды.
Македониялық спортшы ә дегеннен-ақ қарсыласын ауыр соққылардың астына алды. Француз орнынан әрең тұрып, әрі қарай жалғастыруға ниет білдірді, алайда төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады. Аралас жекпе-жек турнирі Италияның Генуа қаласында өтті. Бұл македониялықтың жетінші жеңісі екені хабарланды.
Дереккөз: Sputnik