ММА-дің жыл файтері анықталды | КТК

0
ММА-дің жыл файтері анықталды


Екі салмақта UFC чемпионы Даниэль Кормье ESPN нұсқасы бойынша 2018 жылдың үздік ММА файтері деп аталды. 

Кормье ирландиялық Конор МакГрегорден кейін екі салмақта UFC чемпионы болған екінші адам. Ауыр салмақтан бөлек америкалықта жартылай ауыр дивизионның белбеуі бар. 

«Ессіз ғалам. Екіншімін деген ойға көндіге бастаған едім. Бірақ шындық басқа, карьерам биік шыңға көтеретіндей тамаша болған… Алайда мен биіктің биігіне көтерілген жігіт емеспін. Мен Олимпиада чемпионы болу бақытын көрмедім. Жыл басында мен: «Жұдырықтасуға мүмкіндік туғанша күнелтіп жүрермін, сомын есептің қандай боларын көреміз деп ойлап едім», — деп келтіреді Кормьенің сөзін ESPN.

2018 жылы Кормье үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңді. Оның үстіне екі салмақта да чемпиондық белбеуін қорғай алды, бұл бірегей жетістік болып есептеледі. Осылайша, ол ESPN мен UFC ұйымының  рейтингінде көшбастады. 

Дереккөз: vesti.kz