Мэнни Пакьяо карьерасын қашан аяқтайтынын айтты — Бокс
Сегіз салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz сайты BoxingScene.com порталына сілтеме жасап.
«Пакменнің» айтуынша, ол үшін бокстан жырақта жүру өте қиын және оны ақша ұстап тұрған жоқ, тек осы спорт түріне деген ынтасы жібермейді екен.
39 жастағы боксшы спорттан қашан кететіні туралы айтуға дайын еместігін, алайда жоғарғы деңгейде жұдырықтасуға шамасы келмейтінін сезгенде дереу зейнетке шығу туралы шешім қабылдайтынын айтады.
«Мен кейбір жекпе-жектерді тамашаладым және мен өзімді жалғыз сезіндім. Сенатта жұмыстан қолым босамайтынына қарамастан, мен өзімді жалғыз сезінемін. Мен шынымен де боксты сағындым. Бокс — менің құмарлығым, осы спорттың арқасында өстім. Бар болғаны осы. Өзімді 40-та деп сезінбеймін. Соған қарамастан, бұрынғыдағыдай жаттығу жасамаймыз. Жас кезде, күн сайын күш салып жаттығып, бір түнде қайта қалпыңа келесің
Бүгінде өзіме бір күн толықтай демалуға мұрша беремін. Бұл жаста жаттығатын адамдар үшін жақсы дүние. Маттисспен өткен жекпе-жекте мен өзімді физикалық тұрғыдан күшті сезіндім. Жоғарғы деңгейде өнер көрсете алсам, мен бокста қала беремін», — деді Пакьяо.
Айта кетейік, 14 шілдеде Малайзияның Куала-Лумпур қаласында Мэнни Пакьяо аргентиналық панчер Лукас Маттисспен кездесіп, жетінші раунда нокаутқа түсірді. Осылайша ол жартылай орта салмақта WBA Regular белбеуінің иегері атанды.