«Миым шайқалған шығар»: Айқынның келіншегі оңбай құлады

0

Отандық танымал әнші Жұлдыз Өмірғали қатты құлап, басын жарақаттап алған. Өнер иесі бұған дейін де мұндай жағдайларға ұрынған болып шықты. Желідегілер Айқынның жарына көз тигенін айтып, оған асқан алаңдаушылық білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Өмірғали Instagram желісінде өзі тап болған оқиға туралы жан сырын ақтарды. “Кешью” тобында өнер көрсетіп танылған әнші басынан өткен жайсыз жағдай туралы қысқа да нұсқа айтып өткен. Шоу-бизнес өкілі басын қатты соғып алғандықтан, жақын арада ауруханаға жүгінуге мәжбүр екенін жеткізді. Ол МРТ-ға жазылмақ.

“Көз тиді” деп жатыр маған. Бүгін оңбай құладым, миым шайқалған шығар деп ойладым. Алдыңғы жолы да ұрындым. Енді ырымшыл халықпыз ғой. Не істесе болады? Біріншіден МРТ-ға жазылу қажет”, – деп жазды Айқын Төлепбергеннің келіншегі.

Желі қолданушылары бірден Жұлдыз Өмірғали үшін алаңдап, оған тезірек сауығып кетуін тіледі. Кейбір оқырмандар, тіпті әртіске мұндай жағдайда не істеп, қандай ем қабылдау керектігін де түсіндіруге тырысқан. Айта кетейік, бұған дейін ғаламтор кеңістігінде басын тақырлап тастаған Жұлдыз Өмірғалидің видеосы тарап, хқалың көпшілік арасында қызу талқыланған болатын. Желі қолданушыларының аталмыш бейнежазбаға қатысты пікірі екіге бөлінді.

Бірі бұл бар болғаны әншінің ерекше образы десе, енді бірі оның шынымен шашын қырқып тастағанын алға тартты. Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалиің Қырғызстанға барып келгені белгілі болды.

Жұлдызды жұп көрші елде кезекті ортақ бейнебаянды түсіріп қайтқан. “Кешью” тобының бұрынғы мүшесі жолдасының тағы бір клипінде басты рөлді сомдады.