Митинг кезінде анасындай әйелді ішінен тепкен полицей қайғырдым деп ант-су ішті

0

Санкт-Петербург қаласында санкцияланбаған акция кезінде әйелді ішінен тепкен полиция қызметкері одан кешірім сұрады.

Телеграм парақшалар 54 жастағы Маргарита Юдинаның ауруханада жатқан жерінен хабар таратты.

Ол мұны айналада не болып жатқанын көрмегендіктен жасағанын айтты.

Сондай-ақ, ол бірнеше минут бұрын акция қатысушыларының газ қолданғанын айтып өтті. Осының салдарынан беті қатты терлеп кетіпті-мыс.

Полицей не болып жатқанын көрмегенін айтты. Сондай-ақ, ол бұл оқиғаның өзін де таңғалдырғанын, қатты қайғырғанын айтып ант-су ішті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KzNews порталы (@kznews.kaz)

Әйел өз кезегінде құқыққорғау органдарының қызметкеріне алаңдауға себеп жоқ екенін айтты.

Науқас жуырда ауруханадан шығады. Оның жағдайы қанағаттанарлық.