Мисс Қазақстан мен Жириновскийдің қандай байланысы бар?

0

Кеше Ресей либерал демократиялық партиясының жетекшісі, ультраұлтшыл саясаткер Владимир Жириновский 75 жасында қайтыс болды.

Бұл жөнінде мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володин хабарлады. Ақпан айының басында Жириновскийдің коронавирусқа шалдығып, ауруханаға түскені белгілі болған. Кейін хәлі нашар екені айтылды.

Өлгені сол-ақ еді, 2014-2018 жылдары аралығында Қазақстанның ТОП-20 аруы қатарына енген Карина Гурианов қайғыра көңіл айтатынын жеткізді. Оның жазбасына мән берер болсақ Жириновский әрдайым шындықты айтқан көрінеді.

Ал желі қолданушылары болса «Бұларды не байланыстырады екен?», «Арасында бірдеңе бар бұлардың», – деген пікір қалдырды.

Еске сала кетейік, Жириновский ауруханаға түспей тұрып, Батыс елдері Ресейдің қауіпсіздік кепілдігі туралы талаптарын орындамаса, онда Мәскеу «басқа бағдарламасын» жүзеге асырады, оны «22 ақпанда байқауға болады» деп мәлімдеген.

«2022 жылдың бейбіт өткенін қалаймын, бірақ шындықты жаным сүйеді, 75 жыл бойы шындықты айтып келемін. Бұл мазасыз жыл болады. Ресей қайтадан ұлы елге айналады. Бәрі аузын жауып, елімізді құрметтеуі тиіс» деген еді ол. 24 ақпанда Ресей Украинаға әскерін кіргізіп, соғыс бастады. Ақпаратқа қарағанда, ол кезде Жириновскийдің жағдайы өте ауыр болған. Ол сәтті көре алмаған.