Мирзиёев Қарақалпақстанға қатысты жарлыққа қол қойды

0
829

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстанда төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай режимі 21 шілдеде сағат 5:00-де аяқталады. Қарақалпақстанда 3 шілде күні жаппай тәртіпсіздікке байланысты төтенше жағдай енгізілді. Азаматтар Конституцияға қатысты түзетулерге наразы екендерін айтты.

Нүкістегі толқулар кезінде 18 адам қаза тапқан. 243 адам зардап шекті, 516 адам ұсталды, оның ішінде шетел азаматтары да бар.