Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкент облысына барған сапары кезінде журналистермен сөйлесіп, сыни материалдарды көптеп жазуды ұсынды. Ол елдегі өзекті мәселелерді көтеріп, өткір сұрақтар қоюдан қорықпаңдар деді.
«Сынаңдар! Оларды аты-жөнімен, суретімен шығарыңдар. Оларды бәрі білсін. Бұл үш-төрт жарлықтан гөрі әлдеқайда әсер етеді. Сендерде билік көп», – деді Өзбекстан президенті.
Соңғы уақытта Өзбекстан президенті сапары кезінде журналистермен жиі араласатын болып жүр.
Ол ақпан айында Наманган облысына барған сапары кезінде де журналистермен диалог жүргізген.