Министрлікте пара алған шенеунік сотталды

0

Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Д. Әбдікәрімов орта қауіпсіздікті түзеу мекемесінде мерзімін өтей отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

«Ол жеке компаниялардың басшысы С.Оспановтан шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,4 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот С.Оспановқа 3 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады», — деп жазылған Антикор мәліметінде.