Министрлік Түркияда қалып қойған қазақстандықтарға қатысты ақпарат берді

0

Turkish Airlines әуе компаниясы астана мен Алматыдан 160-тан астам Түркия азаматын алып кетті. Алдын ала келісім бойынша осы бортпен Түркияда қалып қойған қазақстандықтар елге жеткізілуі тиіс болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Түркияда қалып қойған қазақстандықтар туралы ақпаратқа түсініктеме берді. 

Түркия тарапы өз ұшағына Қазақстан азаматтарын алудан бас тартты, деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігі. 

Бұған дейін БАҚ-та 500-ге қазақстандықтың Түркиядан орала алмай қалғаны туралы айтылған болатын. «Қазақстан өз азаматтарын қабылдаудан бас тартып отыр» деген ақпарат тарады.  

24 сәуір күні Turkish Airlines астана мен Алматыдан 160-тан астам Түркия азаматын алып кетті. 

«Біздің Анкарадағы елшілік осы бортпен қазақстандықтарды елге қайтару туралы алдын ала келісім жүргізді. Алайда Түркия тарапы Қазақстан азаматтарын өз ұшағымен қайтарудан бас тартты», — деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ол ведомство шетелдегі қазақстандықтарға қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты. 

Бұған дейін ресейлік Royal Flight әуе компаниясы Непал мен Мьянмада қалып қойған ТМД азаматтарын Мәскеуге жеткізген болатын, арасында Қазақстан азаматтары да бар.

Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 11 мамырға дейін ұзартылып отыр. 

Тағы оқыңыз: Назарбаев елге қандай адамдар қажет екенін айтты

1 мамыр күні президент Нұр-Сұлтан мен Алматы арсындағы рейстерді жандандыруды тапсырды. 



sputniknews.kz