Министрлік төтенше жағдай кезінде атаулы әлеуметтік көмек қалай тағайындалатынын айтты

1

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Жыл басынан бері 102,4 мың отбасы немесе 527,6 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алған, олардың басым бөлігі көпбалалы отбасылар

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың көптеп жиналуын болдырмау үшін атаулы әлеуметтік көмек онлайн режимде тағайындалады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Министрлік мұндай қадамға коронавирустың таралмауына жол бермеу үшін барып отыр.

«Бірінші кезекте, жәрдемақы отбасы құрамы, тұрғылықты мекенжайы мен табысы өзгермеген отбасыларға тағайындалады. Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін деректер тексеріледі, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жылжымайтын мүліктің, көліктің болуы, табысы және тағы басқасы тексеріледі. Отбасы құрамы өзгермеген жағдайда, өтініштер қолда бар деректер негізінде қалыптастырылады», -делінген ведомствоның ресми сайтында.

Әлеуметтік көмекке қатысты хабарламалар электронды пошта және мессенджер арқылы жіберіледі.

Министрліктің ақпаратынша, жыл басынан бері 102,4 мың отбасы немесе 527,6 мың адам әлеуметтік көмек алған. Өңірлерде 2,6 мыңнан аса учаскелік комиссия жұмыс істейді. Олардың дерегіне сүйенсек, АӘК алушылардың 41,5%-ын көпбалалы отбасылар құрайды.

Тағы оқыңыз: «Алты ай төлемақы алуға болады»: Министр жұмыссыз қалғандарға кеңес берді

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде шартты әлеуметтік көмекті де осыған ұқсас схемамен тағайындау көзделіп отыр. Барлық хабарлама электронды түрде жіберіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға бірқатар қызметті алуға онлайн өтініш беру мүмкіндігін ұсынды.

Мәселен, жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және тағы басқа.

Айта кетсек, бүгіннен бастап Қазақстанның астанасы мен Алматы қаласы коронавирустың таралуына байланысты карантинге жабылды.

Қос шаһардың тұрғындары 22 наурызға дейін қала аумағына кіріп үлгеруі керек, әйтпесе шектеу алынып тасталғанға дейін күтуіне тура келеді.

Республикада 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланды.



sputniknews.kz

Загрузка...

1 Пікір

  1. Сәлеметсіз дер бізде елеметтік көмек алайыкшы қазір деретте отырм балам бірге толды ешқандай көмек жоқ уй жалдап тұрамыз екі балам бар жодасым ауыр жұмысқа жарамайды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз