министрлік Тоқаевтың ұсынысын ашық талқылауға уәде етті

0
5

Мәди Тәкиев жұмыс тобы іске кіріскенін, табыс салығының мөлшерлемесі, шегі әзірге белгіленбегенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі жалақыдан ұсталатын жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мәселесін қоғаммен ашық талқылауға уәде етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, министрлік жанынан осы мәселені талқылау үшін жұмыс тобы құрылған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев жоғары жалақы алатындардың салығын арттыруды ұсынды

Оның құрамына «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, салалық министрліктер өкілдері мен белгілі қоғам қайраткерлері еніп отыр.

«Жұмыс тобы енді ғана іске кірісті. Табыс салығының мөлшерлемесі, шегі әзірге белгіленген жоқ. Ұсыныстың бәрі қоғаммен ашық талқыланады. Шынайы ақпарат осы жұмыс тобынан шығады, ал қалғанының бәрі жалған деуге болады», -деді ол онлайн брифинтгте.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалақы және басқа да кірістерге қатысты жеке табыс салығының үдемелі шкаласын енгізуді ұсынды. Бұл дегеніміз, төмен жалақы алатындар салықты аз төлейді, ал жоғары жалақы алатын жұмысшылар үшін салық көлемі артады.



sputniknews.kz