Министрлік: «Сбермен» әзірге келісім жасалмайды

0
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресейлік «Сбер» компаниялар тобы Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған цифрлық платформаны әлі енгізбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрліктің баспасөз қызметі әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты ведомство платформа моделіне көшудің бірнеше сценарийін әзірлеуді қарастырып және олардың әрқайсына дайындалып жатқанын мәлімдеді.

«IT-сарапшылармен және нарық өкілдерімен кездесу өткізіп жатырмыз, СБЕР технологияларына баламаларды қоса алғанда, ең оңтайлы шешім қабылдау үшін талдау жасаймыз. Үкімет пен компания арасындағы меморандумда көзделген 2022 жылғы наурыздың аяғына дейін келісімге қол қою мәселесіне келсек, биыл наурыздың аяғына дейін келісімге қол қою мәселесі күн тәртібінде жоқ», — деді министрлік өкілдері.

Министрлік егжей-тегжейлі талдаудан кейін шешім қабылдап, кейінірек жарияланады.

Айта кетейік, 2021 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы Герман Греф Қазақстан Республикасының цифрлық трансформациясы, цифрландырудың платформалық моделіне және Data Driven Government тұжырымдамасына көшу жөніндегі жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді.