Министрлік Қазақстандағы Covid-19 және пневмония бойынша соңғы ақпаратты жариялады
Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 1 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 770 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 133 118 жетті.
Оның ішінде:
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы — 66
Алматы қаласы — 42
Шымкент қаласы — 9
Ақмола облысы — 90
Алматы облысы — 29
Атырау облысы — 25
Шығыс Қазақстан облысы — 141
Жамбыл облысы — 15
Батыс Қазақстан облысы — 29
Қарағанды облысы — 20
Қостанай облысы — 84
Қызылорда облысы — 1
Маңғыстау облысы — 1
Павлодар облысы — 106
Солтүстік Қазақстан облысы — 107
Түркістан облысы — 5
2020 жылғы 2 желтоқсанда тіркелген
коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 232 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 119 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар — 42447, 444 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30681 жетті.