Министрлік «Қара бүркіт» колониясында коронавирустың анықталуына байланысты мәлімдеме жасады — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» колониясында коронавирустың таралуы туралы түсніктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

түрме

«Осы колонияның 19 қызметкерінен инфекция анықталды. Олардың барлығы оқшауланды. Колонияның жанында арнайы ғимарат бар, сол жерге провизорлық орындар жасақталды», — деді вице-министр

Сөзінше, індетті жұқтырғандар түрме аумағына кірмепті. 

«Сотталғандармен байланыста болмаған. Егер де осындай жағдай орын алып, сотталғандарда індет анықталса, онда олар емдеу хаттамасына сәйкес ем-дом қабылдайтын болады. Колония ішінде провизорлық орындар дайындалады», — деді Бюрабекова.

Бүған дейін «Қара бүркіттің» 19 қызметкері коронавирус жұқтырғаны жайлы айтылған еді. 

 

stan.kz