Министрлік Қанат Бозымбаевтың өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ведомство министрдің жол апатынан қаза тапқаны туралы мәліметке қатысты түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым — Sputnik. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі ведомство басшысы Қанат Бозымбаевтың өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Radio NS эфирінде энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың жол апатынан қаза болғаны туралы қате ақпарат айтылғандықтан, энергетика министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды», — делінген министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство атап өткендей, Қанат Бозымбаев аман-есен, жұмыс орнында қызметін атқарып жүр.

Қанат Бозымбаев туралы не білеміз

Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматыда дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын бітірген  («Экономикалық  және әлеуметтік жоспарлау» факультеті).

Еңбек жолын 1994 жылы Алматы қаласы әкімінің көмекшісі болып бастады. Әр жылдары «ҚазТрансОйл»,  «KEGOC» АҚ, «ҚазМұнайГазда» жұмыс істеген. Жамбыл және Павлодар облыстарының әкімі болды. 2016 жылдың наурызынан энергетика министрлігін басқарады.



sputniknews.kz