Министрлік коронавирусқа байланысты енгізілген шектеуді түсіндірді
Қысқа сілтеме алу
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты төтенше жағдай жариялаған болатын. Оған сәйкес елге келетін шет мемлекет азаматтарына бірқатар шектеу қойылады
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз — Sputnik. Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады.
«Шектеу — бұл тыйым салу емес. Шет елдерде жүрген біздің отандастарымыз Қазақстанға кіре алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылады», — деді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты төтенше жағдай жариялаған болатын. Оған сәйкес елде 16 наурыз 08:00-ден бастап 15 сәуір 07:00-ге дейін төтенше жағдай режимі болады.
Төтенше жағдай кезіндегі шектеудің бірі — Қазақстан және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстанға келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіріп-шығуын шектеу.
sputniknews.kz