министрлік көпбалалы отбасыларды қолдауды жетілдірмек

0

Жақыпова көп балалы аналарға мемлекеттен төленетін жәрдемақының түрлері көп екенін айтты

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Астанадағы жойқын өрттен кейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көпбалалы отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмекті жетілдіруді көздеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек жеткіліксіз екенін мойындады. Министрлік әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсетуді қосымша жетілдіруді көздеп отыр.

«Тиісінше, бүгінгі таңда біз үлкен бір жобаны жүзеге асырмақпыз. Бұл әлеуметтік қызметтер порталы. Енді ата-аналарға мемлекеттік органдарға жүгінудің қажеті болмайды, барлық әлеуметтік кепілдіктер порталға шығарылады», — деді вице-министр үкімет кулуарында.

Назарбаев әлеуметтік төлемдерді өсіруге тапсырма берді

Жақыпова көпбалалы аналарға мемлекеттен төленетін жәрдемақының түрлері көп екенін атап өтті.

«Қазақстанда төрт және одан көп баласы бар отбасылар көпбалалы саналады. Бүгінде көпбалалы аналар мемлекеттік жәдемқы алады, оған қоса, егер отбасының табысы кедейлік шегінен төмен болса, оларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегерлеріне мемлекеттік жәрдемақы төленеді», — деді ол.

Жақыпова министрлік қазіргі таңда көпбалалы отбасыларды қолдауды жетілдіруді көздеп отырғанын айтты.

«Бұған дейін ешқандай шара қабылданбады деп ойламаңыздар. Министрдің тапсырмасымен былтыр әлеуметтік қолдаудың тиімділігі бойынша социологиялық зерттеу жүргізілді. Себебі кез келген жаңашылдық міндетті түрде нақты мәліметтермен негізделген болуы тиіс», — деді ол.

Журналистер Светлана Жақыповадан бүгінгі үкімет отырысына министр Мадина Әбілқасымованың неге келмегенін сұрады.

Жәрдемақы табыс емес — министр Әбілқасымова әділеттік орнатпақ

«Министр өткен аптадан бері ауырып жүр. Кеше өзі барып ата-анасына көңіл айтты», — деді орынбасары.

Ал ата-аналар неге түнгі ауысымда жұмыс істеуі керек деген сауалға «бұл олардың таңдауы» деп қысқа қайырды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/