Министрлік Ермекбаевтың Арыстағы жарылысты неге «табиғи нәрсе» деп айтқанын түсіндірді

0

Қорғаныс министрлігі Нұрлан Ермекбаевтың Арыстағы жарылысты «табиғи нәрсе» деп атауын лингвистикалық тұрғыдан түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаева Арыстағы жарылыстың себебі «табиғи құбылыс» деген жоқ, деп мәлімдеді ақпарат және коммуникациялар департаменті бастығы Данияр Әлжанов.

«Министр: «… бұл табиғи нәрсе, әрбір арсеналдың қауіптері бар…» — деп айтқан видеоға қатысты сұрақтар түсіп жатыр. Оның сөзі «арсеналдың жарылу себебі – табиғи құбылыс» деп қате аударылып кетті. Дұрыс аударғанда, «табиғи нәрсе» «қалыпты жағдай» деген мағынаны білдіреді, сонда министрдің не айтқысы келгенін түсінеміз», — деп жазды қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы.

Әскери  қызмет пен арсеналдан келетін белгілі бір қауіп-қатер бар, бұл – қалыпты дүние, деп жалғастырды Әлжанов. Ол тергеу бітпейінше ешкім алдын ала қорытынды шығармайтынын атап өтті.

«Біз қорғаныс министрінен кейін тағы да қаза тапқан үш адамның отбасына көңіл айтамыз (олардың екеуі – әскери қызметкерлер). Болған жайтқа қатты өкінеміз және арсенал жарылысы салдарынан зардап шеккендердің бәріне жанымыз ашиды», — деді Әлжанов.

Тағы оқыңыз: Арыста тағы жарылыс болды

Бұдан бұрын қорғаныс министрлігі Арыстағы жағдай үшін кешірім сұрайтын себеп көріп тұрған жоқ екенін мәлімдеген болатын. Содан соң Ермекбаев қалаға барып, оқ-дәрі қалдықтарын жою жұмыстарын тексерді.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылысқа не себеп болды — прокуратура жауабы

Ресми деректерге сүйенсек, оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан – екі әскери қызметкер мен бір жергілікті тұрғын.

Жарылыс болғаннан кейін төртінші күні тұрғындар Арыс қаласына қайтты.



sputniknews.kz