министрлік алаяқтар пайда болғанын мәлімдеді

0

Телеграмдағы жалған боттар азаматтарға бірыңғай жиынтық төлемді және басқа да төлемдерді аударуға банк шотын ұсынады

АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Telegram мессенджерінде төтенше жағдайға байланысты 42 500 әлеуметтік төлем алуға арналған бейресми боттар пайда болды. Онда бірыңғай жиынтық төлемді өздері көрсеткен шотқа жіберу керек екені айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл ақпаратты растады, сондай-ақ, азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды.

«Телеграм мессенджерінде 42 500 әлеуметтік төлемді алуға өтінім беруге арналған жалған боттардың пайда болғаны мұның алдында да хабарланды. Жалған боттар азаматтарға бірыңғай жиынтық төлемді және басқа да төлемдерді төлеу үшін банк шотын ұсынады. Ресми боттар ешқандай банк шотын ұсынбайды», — дейді министрліктің ресми өкілі Данияр Рамазанов.

Сондай-ақ, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мұндай телеграм-боттардың жалған екенін және оларға алданып қалмауды ресми түрде ескертті.

«42 500 теңге жәрдемақыға өтінімді төменде көрсетілген ресми боттар арқылы берулеріңізді сұраймыз. Бұл боттар тек өтінім қабылдайды және қандай да бір шотқа төлем жасауды ұсынбайды», — делінген министрлік ақпаратында.

Айта кетейік, министрліктің ресми боттар тізімін Telegram мессенджерінде көруге болады. Сондай-ақ, 42 500 алу үшін egov.kz және 42500.enbek.kz сайттары арқылы да өтінім беруге болады.



sputniknews.kz