Министрлер Сапархан Омаров пен Бақыт Сұлтанов азық-түлік сатып ала ма деген сұрақтарға жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Министрлер Сапархан Омаров пен Бақыт Сұлтанов азық-түлік сатып ала ма деген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

тамақ

«Менің көмекшілерім азық-түлік сатып алмайды, олардың өз жұмыстары бар. Әйелім бәрін өзі сатып алады, бірақ кейде жұмыстан кейін мен үйдің жанындағы дүкеннен сүт пен нан сатып аламын», — деді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ОКҚ-да журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Өз кезегінде сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов супермаркеттерге баратынын айтты.

«Қазір мен қай дүкеннен азық-түлік алатынымды жарнама болмас үшін айта алмаймын — баратын дүкен үлкен. Мен оған соңғы рет бардым, бірақ жүргізуші ретінде. Өнімнің бағасын айта алмаймын, әйелімді алып кетіп, бағаларға мән бермедім», — деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

 

 

 

 

stan.kz