Министрдің жауабы: Қазпатенттің корпоративтік кешінде стриптиз шоуы ұйымдастырылғаны рас па?

0
230
Фото newtimes.kz сайтынан алынды

Әділет министрлігі 8 наурызда Ұлттық зияткерлік меншік институтында өткен корпоративтік кеште стриптиз шоуы фактісін тексеруді бастады, деп хабарлайды kznews.kz сайты ведомство басшысы Қанат Мусинге сілтеме жасап.

«Көрдім. Тексеру жүргізіліп жатыр», — деді Мусин дүйсенбі күні мәжіліс алаңында журналистің сұрағына жауап беріп.

Журналист Әділет министрлігіне қарасты мекеме қызметкерлеріне арналған стриптиз-шоу өткізу фактісі расталды ма, жоқ па деген мәселені түсіндірді.

«Тексеру жүріп жатыр. Ол біткен кезде нәтижесін жариялаймыз», — деп уәде берді Әділет министрі.

Журналистке берілген бір жарым минуттық видеода спортшы жігіттің музыка әуенінде акробатикалық трюктар жасап, киімін шешіп жатқаны көрінеді.