Министрдің орынбасары пәтер ұтып алды – фото

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

245 0 0

Құрылыс компания пәтер сатып алғандардың арасында жыл сайынғы ұтысты ойнатқан. Оған екі мыңнан астам адам қатысыпты

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов пәтер ұтып алды. Оны астанадағы ірі құрылыс компаниясы ойнатқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания пәтер сатып алғандардың арасында жыл сайынғы ұтысты ойнатқан. Оған екі мыңнан астам адам қатысыпты. Ұтыстың бас жүлдесі – жаңа тұрғын үйдегі пәтер. Оны ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов ұтып алды.

«Біз жеңеміз деп ойлаған жоқпыз. Содан холға шығып кеткенбіз. Енді қарасақ, экранда біздің билетіміздің нөмірін көрсетіп тұр. Бәріміз таңғалдық, пәтер ұтқанымызға сенген жоқпыз. Біз бұрын да ұтысқа қатысқанбыз. Биыл жолымыз болды», – дейді Оспанқұлов.

Кеш кезінде жеңімпаздар мен қонақтардың алдында Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, «Ұлытау» тобы және ресейлік «Иванушки International» өнер көрсетті.

Оқи отырыңыз: Арабтар миллион доллар ұтып алған қазақстандықты таба алмай жатыр 

Ғабидолла Оспанқұлов туралы не білеміз?

Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов 1981 жылы туған. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Қазақ-Ресей университетінде білім алған.

«Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Бирмингем университетінде оқыды.

2013-2017 жылдары білім және ғылым министрлігінің жастар істері жөніндегі комитетін басқарды. Жастар саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды. Дін және азаматтық қоғам істері министрлігінде жұмыс істеді.

2017 жылдың қазан айы мен 2019 жылдың тамыз айы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. Одан кейін Nur Otan партиясының хатшысы қызметіне тағайындалды.

Ал өткен жылдың соңында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың орынбасары болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз