министр зардап шеккендердің жағдайы жайлы айтты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Біртановтың айтуынша, алты адам ауыр хәлде облыстық ауруханаларға жатқызылды, 16-сы ауырлығы орташа жарақат алған

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. «Қызылорда-Құмкөл» тас жолындағы апаттан 22 адам зардап шеккен. Алтауы ауыр хәлде облыстық ауруханаларға жатқызылды. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, «Қызылорда-Құмкөл» тас жолындағы автобус апатынан 22 адам зардап шеккен.

«Алты адам ауыр хәлде облыстық ауруханаларға жатқызылды, 16-сы ауырлығы орташа жарақат алған», — деді Біртанов үкімет кулуарында.

Бұдан бөлек, жеті адам жеңіл жарақат алған. Пациенттерге санитарлық авиация бригадалары ұсынылып, барлық қажетті көмек көрсетілуде.

«Пациенттерді республикалық орталықтарға ауыстыру қажет болып қалуы мүмкін. Сондықтан біз дайындық жүргізіп жатырмыз», — деді министр.

Қызылорда облысындағы жол апаты

Бүгін таңғы бестер шамасында «Қызылорда-Құмкөл» тас жолында автобус аударылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көктайғақтан рөлге ие бола алмай, аударылған.

Соңғы деректерге сүйенсек, салонда 36 жолаушы болған. Сегіз адам көз жұмып, 22 жарақат алды. Автобуста тек Қазақстан азаматтары болған, шетелдіктер жоқ.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, автобус мұнай компаниясына тиесілі екен. Көліктегі жолаушылар Құмкөлге жұмысқа бара жатқан.

Оқиға орнында полиция, төтенше жағдай және медициналық қызмет қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы «Көлік басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қызылордада 8 адамның өмірін қиған жол апаты: жаңа деректер шықты

Автобус жүргізушісі бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейін айырылуы ықтимал.

Төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Қауырт желі телефоны жұмыс істеп тұр: 8 (7242) 24-41-61, 70-03-28.



sputniknews.kz