министр зардап шеккен қорықшының жағдайы туралы айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Охотзоопром» инспекторларына жасалған шабуылдан кейін бір қорықшы қаза тауып, екіншісі ауруханаға жатқызылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Ақмола облысындағы браконьерлер шабуылынан зардап шегіп, ауруханада жатқан қорықшының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Жарақат алған инспектордың жағдайын өз бақылауыма алғанымды айта кетейін. Маған күн сайын оның хал-жағдайы туралы баяндап отырады. Қазір оның жағдай орташа ауыр болып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол Көкшетау облыстық ауруханасында емделіп жатыр», – деді Біртанов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, 23 шілдеде Ақмола облысы Бірсуат ауылында төрт қорықшы киікті қорғау мақсатында өңірді көлікпен шолуға шыққан.

Олар «Нива» көлігін мінген браконьерлердің үстінен түсіп, тәртіп бұзушылар қорықшыларға оқ жаудырады. Оқиға салдарынан жарақат алған Қаныш Нұртазин көз жұмды. Екінші қорықшы Самат Оспанов кеудесі мен иығынан жарақат алып, қазір ауруханада жатыр.

Тағы оқыңыз: Тоқаев браконьерлердің жазасын күшейтуді тапсырды

 

Ақмола полицейлері «Охотзоопром» инспекторларына шабуылдады деген күдікпен екі адамды ұстады. Ресми мәліметке сәйкес, 45 жастағы күдікті мен оның 20 жастағы ұлы – Арқалық тұрғындары.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм Қаныш Нұртазин мен зардап шеккен Самат Оспановты ерлігі үшін марапаттады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз