Министр Қытайдан тағы қанша қазақстандық жеткізілетінін айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Бүгін таңертең Қазақстанның 217 азаматы «Эйр Астана» әуе компаниясы ұшағымен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. 12 ақпанда Қытайдан тағы 155 қазақстандық елге қайтарылады. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қытай тарапымен қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, бүгін таңертең Қазақстанның 217 азаматы «Эйр Астана» әуе компаниясы ұшағымен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді, ал 155 қазақстандық 12 ақпанда қайтарылады», – деді Тілеуберді үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 10 және 12 ақпандағы эвакуациядан кейін Қытай аумағында Қазақстанға қайтудан бас тартқан 343 қазақстандық, оның ішінде шетелдегі мекеме қызметкерлері мен отбасы мүшелері қалады.

«Қазақстан елшілігі Қытай білім министрлігі және жоғары оқу орындарымен бірлесіп, қазақстандықтарды қажетті медициналық жабдықтармен, тамақпен қамтамасыз етіп жатыр. Қазақстан сыртқы істер министрлігі мен оның Қытайдағы шетелдік мекемелерінде қазақстандықтарға кеңес беру үшін жедел желілер құрылды», – деді министр.

Сонымен қатар, Тілеуберді Қытайға медициналық қолғаптар (1 миллион дана) және маскалар (500 мың дана) жеткізу мәселесі пысықталғанын айтты.

Бұған дейін 1 ақпанда коронавирус ошағы Ухань қаласынан 83 қазақстандық санавиациямен елге оралған еді. Сондай-ақ, 18 Қырғызстан азаматы, бес Беларусь азаматы мен бір Армения азаматы эвакуацияланды. Олардың арасында коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз