Министр Қуантыров костюмінің бағасын атады

0

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтарға отандық өнімді сатып алуға кеңес берді, — деп хабарлайды Massaget.kz сайты.

Министр Қазақстан ешкімге тәуелді болмас үшін отандық өндірісті дамыту керек деген ұстанымда.

«Мұнда баланс болуға тиіс. Егер біз тек импорттық тауарды сатып алсақ, онда өзіміздің өндіріс дамымайды. Себебі, бізде жаңа жұмыс орындары ашылмайды. Содан кейін импорттық тауарлардың бағасы бірден өседі. Сондықтан бізге отандық өндірісті дамыту керек. Біз қазақстандық өнімді қолдаймыз.

Мысалы, мына костюмді көріп тұрсыз ба? Бұл – қазақстандық өнім. Ол 90 мың теңге тұрады. Сондықтан біз осындай салаларға қаржы құюымыз керек. Қымбат емес, бірақ қазақстандық өнімге. Ол міндетті түрде қымбат болмауға тиіс», — деді Әлібек Қуантыров Сенаттағы Үкімет сағатынан соң.

фото: видеодан