Министр қазақстандық дәрігерлерді байбалам салмауға шақырды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Біртанов бесінші сәуірге қарай тиісті жұмыс аяқталып, барлық медицина қызметкері үстемеақы алатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі коронавируспен күреске тартылған медицина қызметкерлерінің барлығы үстемеақы алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Медицина қызметкерлерінен байбалам салмауды өтінемін. Көбі хат жазып, БАҚ-қа жүгіне бастады. Коронавирус инфекциясымен күреске жұмылдырылған барлық қызметкер естеріледі. Барлық шешім комиссиямен, облыстық деңгейде, жұртшылықтың, кәсіподақтардың қатысуымен қабылданады», деді Біртанов онлайн брифингте.

Айтуынша, өңірлер үстемеақы алатын санатқа әкімдіктер тарапынан тартылған адамдарды қоса алады. Атап айтсақ, емханалардың қызметкерлері.

«Бесінші сәуірге қарай бұл жұмыс аяқталады. Барлық медицина қызметкері қажетті үстемеақысын алады, деп сендірді министр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 28 дәрігер коронавирус жұқтырды



sputniknews.kz