Министр қазақстандық дәрігерлер қашан 500 мың теңге айлық алатынын айтты – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық дәрігерлер табысы айына 500 мың теңгеден асады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтауды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеруді жоспарлады. Бірақ қазіргі экономикалық жағдайды және коронавирустық індет кезіндегі қазақстандық дәрігерлердің қажырлы еңбегін ескере отырып, мемлекет басшысы жалақыны 2023 жылға дейін арттыруды тапсырды.

Қазір Біртановтың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі қажетті есептеулер жүргізуде.

«Бұл жоспарлы жұмыс өткен жылы басталған болатын. Биылғы жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (ММС) енгізе отырып, біз қаңтардан бастап республика бюджетінен және әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекақы төлеу қорын 30 пайыздық арттыруға қосымша қаражат бөлдік. Енді біз есептеулер жүргіздік. Бұл қажетті деңгейге жетуге мүмкіндік береді – бұл шамамен 550 мың теңге (1,3 мың доллар)», – деді министр «Хабар 24″телеарнасының эфирінде.

Оның айтуынша, әлемдік елдердің стандарттарына жақындай түсу үшін дәрігердің орташа жалақысы осындай болуы тиіс.

«Әйтпесе, біз кадрлардың жоғары жалақысы бар жұмыстарға кетуіне тоқтай бола алмаймыз. Өкінішке қарай, біз осындай жағдайға тап болдық. Біздің елімізде кадрларды даярлау жағдайын қаншалықты жақсартқанымызбен, дәрігерлер кетіп жатыр,  себебі олар сұранысқа ие», – деді Біртанов.
Ол Қазақстанда дәрігерлердің жалақысын «Мемлекет басшысы белгілеген деңгейге дейін кем дегенде» көтеру керек екенін, өйтпегенде кадрлар тапшылығын жеңу қиын болатынын атап өтті.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз